Қазақстанда дәрі-дәрмек биыл тағы қымбаттауы мүмкін

0
426

Министр дәрі бағасының жаздан бастап қалай өзгеретінін нақты болжай алмайтынын айтты.


Қазақстанда дәрі-дәрмек биыл тағы қымбаттауы мүмкін

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында дәрі-дәрмектің бағасы жөнінде пікір білдірді, деп жазады inform.kz.

Министрдің айтуынша, былтыр кейбір дәрі-дәрмектің бағасы 14 процентке көтерілген. Биыл дәрі бағасын реттеудің екінші кезеңі жоспарда тұр.

«Мен айтып отырған бағаны реттеудің екінші кезеңіне биыл 1 767 дәрі түрі кіреді. Бірақ бірінші жартыжылдықта олай істеген жоқпыз. Өйткені талдау жасауға кірісіп кеткен едік. Бұл талдау шараны халық үшін барынша жұмсақ, зардапсыз қылу үшін жасалып жатыр», — деді министр.

Министр дәрі бағасының жаздан бастап қалай өзгеретінін нақты болжай алмайтынын айтты.

«Баға өседі немесе өспейді деп үзілді-кесілді айта алмаймын. Талдау әлі аяқталған жоқ. Сондықтан барынша оңтайлы шешім қабылдаймыз деп ойлаймын», — деді Ақмарал Әлназарова.