Кейбірінде Атыраудағыдай шақалақ тірі болса да, өлдіге санап жіберген.
иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден
ERNUR.KZ. Отандық дәрігерлер былтыр 277 баланың өлімін жасырған. Атыраудағы атышулы бала өлімінен кейін жан-жақты тексеру жүргізген Денсаулық сақтау министрлігі осындай сұмдықтың бетін ашты, деп жазады ktk.kz.
Кейбірінде Атыраудағыдай шақалақ тірі болса да, өлдіге санап жіберген.
"Бүкіл шыны препараттар қайта қаралды. Бәрін бірдей емес, өйткені кейбірі сақталмаған да. Сол бойынша балалардың дем алып, не дем алмай жатқанын тексердік. Соның ішінде баланың тірі туылып, бірақ статистикалық көрсеткіштерін жақсы етіп көрсету үшін оны өлгендер қатарына тастаған жайттарды да анықтадық. Кей шақалақтар туғаннан шетінесе де, оларды өлі туғандар санатына қоса берген", - деді Людмила Бюрабекова, ДСМ Тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі және сапасын бақылау комитетінің төрайымы.
Сондай 277 дерек анықталыпты. Осындай жайттардың көбісі Қызылорда, Жамбыл және Атырау облыстарында тіркелген.
Министрлік өкілінің айтуынша, ақ халаттылар мұндай адам қолы бармайтын әрекетке бәсекелестік рейтингісін жақсарту үшін барған.
Атырауда болған бала өліміне қатысты сұмдық жайт төртінші қазанда анықталған еді. Онда облыстық перинаталдық орталықтың акушер-гинекологтары жаңа туған, бойында жаны бар баланы өлдіге санап жіберген. Кейін тірі екені анықталғанда, құжатты қайта жасауға ерініп, шалажансар шақалақты тоңазытқышқа тыға салған.