2026 жылғы 17-18 наурыз күндері Наурызнама онкүндігі аясында еліміздің барлық өңірлерінде жасанды интеллекттің мүмкіндіктеріне арналған ашық оқыту іс-шаралары өткізіледі.
ERNUR.KZ. Бұл бастама «Digital Nauryz» мерекесіне және Цифрландыру және жасанды интеллект жылына орай ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.
Іс-шаралар халық көп жиналатын орындарда - қалалық алаңдарда, сауда-ойын-сауық орталықтарында (СОО), IT-хабтарда және креативті кеңістіктерде еліміздің әртүрлі өңірлерінде өткізіледі. Мұндай формат жасанды интеллект тақырыбын кең аудитория үшін түсінікті әрі қолжетімді етуге, сондай-ақ өңір тұрғындарын заманауи цифрлық құралдармен таныстыруға мүмкіндік береді.
Кездесулер барысында қатысушыларға жасанды интеллектті бүгіннің өзінде күнделікті өмірде, жұмыста және оқуда, контент жасауда, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді алуда қалай қолдануға болатыны түсіндіріледі. Бірқатар өңірлерде AlemGPT платформасының, яғни Жасанды интеллекттің ұлттық платформасының мүмкіндіктері де таныстырылады.
Өңірлерде ашық оқыту іс-шараларын өткізу халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға және Қазақстанда жасанды интеллектті пайдалану мәдениетін кеңінен дамытуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болмақ.


