Қазақстанда доллар тағы өсті

0
694

Доллар тағы 1,63 теңгеге қымбаттады.


Қазақстанда доллар тағы өсті

ERNUR.KZ. Қазақстандық қор биржасы (KASE) сағат 11:00-дегі жағдайға сәйкес, доллардың орташа айырбас бағамы тағы 1,63 теңгеге қымбаттап, 434,29 теңгені құрағанын жеткізді, деп жазады zakon.kz.

Айырбас орындарында долларды сатып алу мен сату бағамы 434, 435,5 теңге, евро – 506 –508 теңге, Ресей рублі - 5,47 – 5,53 теңге.

Ал мұнайдың халықаралық бағалары 2 қарашадағы сауда-саттық барысында арзандауын жалғастыруда. Мұнай бағасы 3%-дан астамға түсті.

Мәселен, WTI мұнайының желтоқсан айына арналған фьючерстері 3,72%-ға арзандап, бареллі үшін $34,46 құрады.

Brent мұнай маркасының қаңтар айына арналған фьючерстері 3,29%-ға арзандап, баррелі $36,69-ға саудалануда.