Қазақстанда электр энергиясына қажеттілікті азайту үшін АЭС-тің маңызы зор

0
595

Ғалымдардың зерттеуі бойынша Қазақстанда қазіргі таңда көміртегі ізінің нөлдік ізіне ол жеткізу үшін және электр энергиясына деген қажеттілікті жабу үшін кем дегенде бірнеше атом электр станциясы салыну керек екен.


Қазақстанда электр энергиясына қажеттілікті азайту үшін АЭС-тің маңызы зор

Қазіргі таңда «Елімізде АЭС салына ма? Оның ел экономикасына, қоршаған ортаға тигізер әсері қандай?» деген мәселелер елдің талқысында. Оны бүгін Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен мерекелік кездесуде тағыда айтып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша Қазақстанда қазіргі таңда көміртегі ізінің нөлдік ізіне ол жеткізу үшін және электр энергиясына деген қажеттілікті жабу үшін кем дегенде бірнеше атом электр станциясы салыну керек екен.
Ал қарапайым халықтың басты уайымы - АЭС-тің қауіпсіздігі болып тұрған сияқты. Сарапшылар бұл жөнінде көмір және басқа станцияларды алыстыра отырып, АЭС-те қауіпсіздік талаптары өте қатаң екенін айтады. Олар басқа көздерге бірдей қолданылмайтындығын ескертеді.
Шынымен де ел аумағында АЭС-ті пайдалануға беру көмір мен газ негізіндегі электр энергиясын өндіруді алмастыра алады. Қазақстанда АЭС салу экономиканың барлық салаларына, сондай-ақ ғылымға, білімге, әлеуметтік салаға оң мультипликативтік әсер етеді. Сондай-ақ ғылымды қажетсінетін технологиялар мен аралас салалардың жедел дамуына мүмкіндік береді. ҚР атом энергетикасын дамыту және атом станциясын салу барлық санаттағы тұтынушыларды, оның ішінде өнеркәсіптік кәсіпорындар мен халықты үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін неғұрлым қолайлы болып табылады. Атом электр энергиясын генерациялаудың артықшылығы сол – парниктік газдың шығынын азайтады. Сондықтан Қазақстан аумағында АЭС құрылысының жүргізілуін қарастыру дұрыс шешім болады деп ойлаймын.
Ал, Мемлекет басшысы бұл жөнінде «Қазақстанның атом энергетикасын дамыту әлеуеті мол. Еліміз табиғи уран өндіру көлемі жөнінен әлемде бірінші орын алады. Сондай-ақ, ядролық отын компоненттерін өз елімізде өндіреміз және уранды изотопты байыту жөніндегі қызметтерге қол жеткізе аламыз»- деп атап көрсетті.
"Әйтсе де АЭС құрылысы жөніндегі түпкілікті шешім референдум қорытындысы бойынша қабылданады", - деді Қ.Тоқаев.