Қазақстанда ең төменгі жалақы өсті

0
1 137

Бұған дейін оның мөлшері 60 мың теңге болған еді.


Қазақстанда ең төменгі жалақы өсті
ERNUR.KZ. 1 қаңтардан бастап республикада ең төменгі жалақы 70 мың теңгені құрайды, деп жазады sputnik.kz.
Бұған дейін оның мөлшері 60 мың теңге болған еді.
Осының арқасында әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін жалақысы 70 мың теңгеге дейінгі 1,8 миллионға жуық жалдамалы жұмысшының табысы өседі.
Ең төменгі жалақының көтерілуі, ең алдымен, айлығы төмен қызметкерлерге қатысты болады.
Екіншіден, жалақы деңгейін белгілеу кезінде ең төменгі жалақы көрсеткішін пайдаланатын жұмыс берушілер разрядаралық біліктілік жүйесін ескере отырып, қызметкерлердің басқа санаттарының жалақысын қайта қарайды.
Еңбек кодексіне сәйкес, жұмыс берушілер еңбекақыны ең төменгі жалақыдан кем емес деңгейде төлеуге міндетті.
Сондай-ақ айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3 450 теңгеге дейін артты.
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап оның мөлшері 3 063 теңге болды, ал 2022 жылғы 1 сәуірден 3 180 теңгені (жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдер үшін) құрады.

Айлық есептік көрсеткіш жәрдемақы, айыппұл, салық және басқа да төлемдерді есептеу үшін қолданылады. Яғни, қаңтардан бастап жәрдемақылар мен айыппұлдардың мөлшері ұлғаяды.