Қазақстанда этникалық қазақтарға берілетін визалардың мерзімін қысқарту жоспарланып отыр

0
138

Құжат әзірге өзгерістер жобасы ретінде жарияланған.


Қазақстанда этникалық қазақтарға берілетін визалардың мерзімін қысқарту жоспарланып отыр

Фото: gov.kz

ERNUR.KZ. Құжат 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға шығарылды, деп жазады inbusiness.kz.

Мұндай өзгеріс Сыртқы істер және Ішкі істер министрліктерінің визаларды рәсімдеу, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімін ұзарту және қысқарту қағидаларына енгізілетін түзетулер жобасында қарастырылған.

Жобаның сипаттамасында: "С1 және С10 санаттарындағы визалардың қолданылу мерзімін қысқарту визалық реттеуді өзектендіруге, көші-қон бақылауын жетілдіруге және жекелеген виза санаттарының мерзімдерін оларды рәсімдеу мақсаттарына сәйкестендіруге бағытталған", – деп жазылған.

Қолданыстағы талаптарға сәйкес, С1 визасы Қазақстанға тұрақты тұру мақсатымен келетін немесе елде жүрген этникалық қазақтарға беріледі. Қазіргі қағида бойынша ол көп мәртелік және 1 жылға дейін жарамды.

Ал С10 визасы Қазақстанға жеке сапармен келетін этникалық қазақтарға арналған. Қолданыстағы тәртіп бойынша бір мәртелік виза 90 тәулікке дейін, ал көп мәртелік виза 3 жылға дейін беріледі.

Жаңа өзгерістер қабылданған жағдайда, аталған визалардың қолданылу мерзімдері қысқаруы мүмкін.