Етті ең көп жеген Жамбыл облысы тұрығындары.
ERNUR.KZ. Қазақстанда ет бағасы 3,8%-ға қымбаттады, деп жазады ulysmedia.kz.
Energyprom зерттеуінше, құс еті 5,1%-ға, шошқа еті 4,5%-ға, сиыр еті 4,1%-ға, жылқы еті 2%-ға, қой еті 1,8%-ға өсті. Бөлшек сауда орындарында жылқы етінің бір келісі 3 мың теңге, қой еті — 2,8 мың теңге, сиыр еті — 2,7 мың теңге, шошқа еті — 2,3 мың теңге, тауық еті — 1,5 мың теңге болды.
Өңірлік бөліністе ет ең көп қымбаттаған Атырау облысы: 13,7%. Бұдан әрі Шығыс Қазақстан (8,7%), Ақмола (8,3% ), Қарағанды (6,3% ) және Ақтөбе (5,8% ) облыстары. Ал Шымкентт ет бағасы 0,7%- ға ғана өскен. Сонымен қатар, Алматы облысында ет бір жылда 1,3%-ға арзандады.
ҚАЗАҚСТАНДА ӘР АДАМ ҚАНША ЕТ ЖЕЙДІ?
Елде ет және ет өнімдерін тұтыну биылғы жылдың бірінші тоқсанында жан басына шаққанда орта есеппен 20,2 кг құрады — бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,6% -ға көп.
Ал елдегі әр адам орта есеппен 6,3 кг сиыр еті, 2 кг жылқы еті, 1,2 кг қой еті, 794 г шошқа еті, 1,3 кг тауық, 1,7 кг тартылған ет, 982 г жартылай ысталған шұжық, 652 г пісірілген шұжық, 568 г шұжық пен сарделек, 198 г сиыр бауыры, 51 г шошқа майын тұтынған.
ЕТТІ ЕҢ КӨП ТҰТЫНАТЫН ӨҢІРЛЕР
Етті ең көп жеген Жамбыл облысы тұрығндары. Жан басына шаққанда 25 келі ет өнімдері. Жылдық өсім — 11,3%. Бұдан әрі Маңғыстау (24,8 кг) және Атырау (23,5 кг) облыстары.
Ең төмен көрсеткіш Шымкентте: жан басына шаққанда 15,9 кг. Мұның өзі былтырғы жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 6,2% -ға көп.
Ет жеу көрсеткіші Қостанай облысында бірден өссе (11,9%, 21 кг-ға дейін), Ақтөбе облысында 6,2%- ға (16,3 кг-ға) бірден кеміген.