Қазақстанда инклюзивті білім беретін бөлек мектептер салынады

0
125

Әлеуметтік нысандардан бөлек әуежайлар, вокзалдар, сумен қамтитын ірі құрылғылар, өндірістер, кәсіпорындар, темір мен автожолдарды жоғары қарқынмен салынады.


Қазақстанда инклюзивті білім беретін бөлек мектептер салынады

фото: Sputnik / Санат Имангалиев

ERNUR.KZ. Қазақстанда инклюзивті білім беретін бөлек мектептер салынады. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Бұған дейін президент Қазақстанды үлкен құрылыс алаңына айналдыру қажеттігін айтқан. Себебі ақшаның құны уақыт өте келе төмендей береді. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, үлкен құрылыс кезінде инклюзивті мектептер де салынады.
"Бізде үлкен инфрақұрылымдық жобалар салынатын болады. Мәселен, соның аясында біз инклюзивті білім беретін бөлек мектептерді соғуды қарастырып жатырмыз", - деді Сүлейменова үкіметте өткен брифингте.
Айта кетері, әлеуметтік нысандардан бөлек әуежайлар, вокзалдар, сумен қамтитын ірі құрылғылар, өндірістер, кәсіпорындар, темір мен автожолдарды жоғары қарқынмен салынады.