Қаулы қол қойылған күнінен бастап, яғни 2024 жылы 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
ERNUR.KZ. Қазақстанда Ішкі істер министрлігі жанынан жаңа комитет құрылды, деп жазады Stan.kz.
Тиісті қаулыға Премьер-Министр Олжас Бектенов қол қойды.
"Қазақстан Ішкі істер министрлігінде Есірткі қылмысына қарсы күрес комитеті құрылсын", – делінген құжатта.
Өзгерістерге сәйкес, енді Ішкі істер министрлігіне мыналар кіреді:
- Қазақстан Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы;
- Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті;
- Әкімшілік полиция комитеті;
- Көші-қон қызметі комитеті;
- Есірткі қылмысымен қарсы күрес комитеті.
Қаулы қол қойылған күнінен бастап, яғни 2024 жылы 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.