Қазақстанда қант экспортына тыйым салынады

0
402

136 мың тонна көлеміндегі қант пен шикі қамыстың қолда бар қоры 2,5-3 айға дейін тұтынуға жетеді деген болжам бар.


Қазақстанда қант экспортына тыйым салынады

ERNUR.KZ. Ауыл шаруашылығы министрлігі "Қазақстан Республикасының аумағынан қант экспортының кейбір мәселелері туралы" бұйрық жобасын дайындады, деп жазады zakon.kz.

"2024 жылғы 31 тамызға дейін Қазақстан Республикасының аумағы арқылы қанттың халықаралық транзитін қоспағанда, қантты Қазақстан Республикасының аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге әкетуге тыйым салу енгізілсін. Қазақстан, сондай-ақ қанттың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы индикативті теңгерімдердің шегінде тасымалдануы шарт", - деп жазылған құжатта.

Ауыл шаруашылығы министрлігінде түсіндіргендей, ішкі нарықтың қажеттілігі жалпы тұтынудың тек 13%-ы ғана отандық шикізаттан қант өндіру есебінен, қалған бөлігі – шикі қамысты өңдеу және шикізаттан дайын қантты жеткізу есебінен қанағаттандырылады. ЕАЭО елдері (Ресей Федерациясының үлесі – 57%, Беларусь Республикасы – 1,5%).

136 мың тонна көлеміндегі қант пен шикі қамыстың қолда бар қоры 2,5-3 айға дейін тұтынуға жетеді деген болжам бар.

Бұл ретте Ресей Федерациясынан 120 мың тонна квота шегінде қант жеткізу Беларусь Республикасынан келетін импортты қоспағанда, қосымша 2,5 айға ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз етеді.

"Сонымен бірге, мамырдан тамызға дейін ай сайынғы қант тұтыну айтарлықтай артады (2022 жылғы маусымда қант тұтынуы 63,5 мың тоннаны құрады, тамызда ол 68,6 мың тонна шыңына жетті; 2023 жылы ең жоғары сұраныс мамырда – 49 мың тонна болды", - деп атап өтті Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Сонымен қатар, жыл басынан бері қантқа сырттан сұраныс артқан. Мәселен, ағымдағы жылдың 3 айында 32,9 мың тонна қант экспортталды (2023 жылы – 19 мың тонна), бұл 2023 жылдың жылдық көлемінен 70 пайызға артық.

2024 жылдың 2 айында импорт 53,1 мың тоннаны құрады, оның ішінде Ресейден – 52,8 мың тонна, Беларусьтен – 0,3 мың тонна. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, наурыз айында импорт 23,5 мың тоннаны құрады, оның ішінде Ресейден 22,5 мың тонна.

"Осылайша, Ресей Федерациясының шектеу шараларын енгізу және реэкспортты алып тастау кезеңінде ішкі нарықты қантпен қамтамасыз ету мақсатында қанттың экспортына уақытша тыйым салу енгізілуде", - делінген негіздемеде.

Бұған дейін Қазақстанда қант экспортына жаздың соңына дейін тыйым салынып жатқаны хабарланған болатын. Мұндай шешім Сыртқы сауда саясаты жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қабылданды.