Қазақстанда карантин кезінде туу көрсеткіші күрт өскен

0
512

Соңғы үш тоқсан бойы өсім байқалып келеді.


Қазақстанда карантин кезінде туу көрсеткіші күрт өскен

ERNUR.KZ. 2021 жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстанда 100,5 мың сәби дүниеге келген. Бұл тәуелсіздік жылдарындағы ең үлкен көрсеткіштердің бірі. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсім 8,4%-ды құраған, деп жазады Azattyq Rýhy.

Салыстырар болсақ, 2020 жылдың алғашқы тоқсанында елімізде 92,7 мың бала дүниеге келген. 2019 жылы – 91,9 мың.

Жалпы, еліміздегі бэйби-бум соңғы үш тоқсаннан бері жалғасып келеді. 2020 жылдың үшінші тоқсанында қазақстандықтардың отбасында 116,7 мың сәби туса, төртінші тоқсанында 111,7 мың бала дүние есігін ашыпты. 2020 жылы Қазақстанда барлығы 425 мың бала дүниеге келген. Бұл 2019 жылдағы көрсеткіштен 6 пайызға көп.