Бизнестің қызметіне заңсыз араласу, тексеру тәртібін бұзу, рейдерлік сияқты жағдайларға депутаттар заңды түрде жауапкершілікті күшейтуді қолдап отыр.
ERNUR.KZ. Қазақстанда бизнестің қызметіне заңсыз араласу әрекеттеріне жауапкершілік күшейтіледі. Бұл туралы Сенат Төрағасы Маулен Әшімбаев мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.
«Бүгінгі талқылау қорытындысы бойынша сенаторлар кәсіпкерлер қызметіне араласқаны үшін лауазым иелеріне жауапкершілікті күшейтуге бағытталған шараларды ұсынды. Сонымен қатар, бұл мәселені бірқатар әріптестер де көтерген болатын. Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілі Рустам Жүрсінов бұл мәселеге қатысты ерекше тоқталды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске және Қылмыстық кодекске бірқатар өзгерістер енгізу қарастырылып отыр», - деді М. Әшімбаев Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты және құқықтық реттеуді жетілдіру тақырыбындағы Парламенттік тыңдауда
Оның айтуынша, бизнестің қызметіне заңсыз араласу, тексеру тәртібін бұзу, рейдерлік сияқты жағдайларға депутаттар заңды түрде жауапкершілікті күшейтуді қолдап отыр.
«Ел Президенті атап өткендей, кәсіпкерлік қызметке заңсыз кедергі келтіру мемлекетке қарсы өте ауыр қылмыс ретінде бағалауыны керек. Мемлекет басшысының осы нұсқауын заңнамаға бірқатар өзгерістермен жүзегеге асыруға болады. Барлық жауапты меморгандар тыңғылықты пысықтауы керек. Сенаторлар бұл бағыттағы жұмысқа дайын», - деді Мәулен Әшімбаев.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Рустам Жүрсінов заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіргені үшін жауапкершілікке тартудың қылмыстық бабы іс жүзінде жұмыс істемей тұрғанын айтты.