Қазақстанда Қазақстанда ауа температурасы 26 градусқа дейін төмендейді

0
553

Еліміздің кей жерінде тұман түсіп,кей жерлерде бұрқасын болжанады.


Қазақстанда Қазақстанда ауа температурасы 26 градусқа дейін төмендейді

Синоптиктер 17-19 қараша күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде қар жауады.

"Орталығы Самараның үстінде орналасқан солтүстік-батыс антициклонының жотасы Қазақстанның ауа райына өз әсерін тигізуді жалғастырады. Кей жерде әлі де қар жауады, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты қар жауады, бірақ түнде ауа температурасы солтүстік аймақтарда 18-26 градус аязға дейін, оңтүстік аймақтарда 5-15 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі. Еліміздің кей жерінде тұман түсіп, оңтүстік жартысында көктайғақ, солтүстік бөлігінде бұрқасын болжанады", - деді синоптиктер.