Қазақстанда кедейлік деңгейі өсіп барады

0
580

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, кедейлік қаупіне үй шаруашылықтарының көлемі қатты әсер етеді.


Қазақстанда кедейлік деңгейі өсіп барады

ERNUR.KZ. 2022 жылғы ІІІ тоқсанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі (кедейлік деңгейі) 5,3%-ды құрады, деп жазады ulysmedia.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, кедейлік қаупіне үй шаруашылықтарының көлемі қатты әсер етеді. Осылайша, 5 және одан да көп адамнан тұратын үй шаруашылықтары арасындағы кедейлік деңгейі 2022 жылғы III тоқсанының қорытындысы бойынша 9,3%-ды құрады, бұл жалпы кедейлік деңгейінен 2 есеге жуық артық.

Сондай-ақ, бюро дерегінше, жұмыссыздар саны 2022 жылғы қарашадағы есеп бойынша 451,5 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшінің 4,9% құрайды. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны 2022 жылғы қарашаның соңына 221,9 мың адамды немесе жұмыс күшінің 2,4% болған.

Айта кетсек, ҚР бойынша 2022 жылғы III тоқсанда айына орта есеппен жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 46 671 теңгені құрады.

Еске сала кетейік, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент қазақстандықтардың табысы ең төмен деңгейде тұрғанын айтып, Үкіметке халықтың әл-ауқатын жақсартуды тапсырды.