Қазақстанда кедейлік шегі адам басына шаққанда - 14 489 теңге

0
2 954

Қазақстанда отбасының әр мүшесінің жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен, яғни 14 849 теңгеден аз болған жағдайда ол санаттағы азаматтар мекенжай бойынша әлеуметтік көмекті ала алады


Қазақстанда кедейлік шегі адам басына шаққанда - 14 489 теңге

ERNUR.KZ. Қазақстанда отбасының әр мүшесінің жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен болған жағдайда ол санаттағы азаматтар мекенжай бойынша әлеуметтік көмекті ала алады, деп жазады ҚазАқпарат.

Еңбек және халықтың әлеуметтік қорғау министрлігінен хабарланғандай, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап уағдаластық пен әлеуметтік келісімшартты бекіту тәртібі негізінде атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа әдісі енгізілген.

«Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек табысы күнкөріс минимумының 50 пайызынан төмен, талапсыз әрі уағдаластық бойынша ақшалай көмек ретінде, отбасында еңбекке жарамды мүшелердің бары ескеріле отырып, жұмысқа орналастыру шараларына міндетті түрде қатысқан отбасыларға беріледі», - делінген министрліктің хабарламасында. Министрліктің мәліметінше, бүгінгі таңда күнкөріс минимумы Қазақстанда қазіргі уақытта 29 698 теңге. Ал кедейлік шегі - 14 849 теңге.

«Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде үміткердің жан басына шаққандағы кірісінің мөлшері есепке алынады. Нақты соманы атау қиындау. Себебі, әрбір адамға жәрдемақы әртүрлі мөлшерде белгіленеді. Қазақстанда отбасының әр мүшесінің жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен, яғни 14 849 теңгеден аз болған жағдайда ол санаттағы азаматтар мекенжай бойынша әлеуметтік көмекті ала алады», - деді министрліктен.

Бұған қоса жұмысқа орналастыру шараларына қатыса алмайтын азаматтарға талапсыз ақшалай көмек беріледі.