Қазақстанда келер жылдан бастап пәтер бағасы тағы 15 пайызға қымбаттауы мүмкін

0
205

​Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта құрылыс компаниялары шамамен 15 пайыздық пайдамен жұмыс істеп отыр.


Қазақстанда келер жылдан бастап пәтер бағасы тағы 15 пайызға қымбаттауы мүмкін

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

ERNUR.KZ. Келесі жылы елімізде тұрғын үй бағасы 10-15 пайызға қымбаттауы ықтимал. Себебі, бизнестің осы түріне, яғни құрылыс саласына 12 пайыздық қосылған құн салығы қайта енгізілмек, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Елдегі құрылыс компаниялары бұл салық түрінен сонау 2001 жылы босатылған. Осылайша үкімет үйдің бағасын арзандатпақ болды. Енді сол салық келер жылдан бастап қайта енгізілгелі отыр. Құрылыс компанияларына жеңілдік берілген 2001 жылдан бастап су жаңа баспананың құны 21 есе қымбаттапты.

Қазақстан құрылысшылар одағының Астана филиалының директоры Вячеслав Лазаревтің айтуынша, қазіргі уақытта құрылыс компаниялары шамамен 15 пайыздық пайдамен жұмыс істеп отыр.

«Егер 12 пайыздық салық енгізілетін болса, құрылыс компаниясы нөлге жұмыс істейді деген сөз. Сондықтан оларда екі-ақ бағыт бар: пайдасыз істейді немесе шаршы метр бағасын көтереді», - дейді ол.

Сарапшылардың болжамына сәйкес, жаңа салынған үйлердің бағасы көтерілсе, бұл екінші нарықтағы тұрғын үйлердің құнына да әсер етеді.