Қазақстанда келесі жылы қатерлі ісікке қарсы дәрі пайда болмақ

0
114

Дәрі тек Қазақстанда емес, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде де тіркеледі.


Қазақстанда келесі жылы қатерлі ісікке қарсы дәрі пайда болмақ

Фото: Pixabay.com

ERNUR.KZ. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қазақстандық қатерлі ісікке қарсы дәрі келесі жылдың басында қолжетімді болуы мүмкін дейді. Қазір дәрі пациенттерге клиникалық сынақтардың екінші кезеңінен өтіп жатыр, деп жазады stan.kz.

Мамандар қажетті мөлшерді анықтап, ағзаның дәріге реакциясын зерттеп жатыр.

“Қазір Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық орталығы көмектесіп жатыр. Олар клиникалық сынақтардың екінші кезеңінен расталған нәтижелерді күтуде. Біз оларды растап, жүктегеннен кейін бәрі қайта тексеріледі және біз дәріні тіркеуге тапсыра бастаймыз”, – деді Саясат Нұрбек.

Дәрі тек Қазақстанда емес, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде де тіркеледі. Басқа шетелдік нарықтарға шыққан кезде әзірлеушілер қосымша процедуралар мен жергілікті реттеуші органдармен тексерулерден өтуі керек.

Еске салайық, ұлттық ғылыми онкология орталығында әлемдегі жалғыз технология – жасанды интеллект пайдаланылатын сәулелік терапия қолданылады. Жаңа әдістеме емдеу шараларын пациенттің ағзасындағы жеке өзгерістерге күнделікті бейімдеуге мүмкіндік береді, сәулемен атудың дәлдігін едәуір жақсартып, жанама әсер қаупін азайтады