Қазақстанда ХҚО-лар тағы да істемей қалды

0
633

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ және Мемлекеттік корпорацияның мамандары туындаған мәселені шешіп жатыр.


Қазақстанда ХҚО-лар тағы да істемей қалды

ERNUR.KZ. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Қазақстан халқының өкінішіне қарай, техникалық ақауға байланысты мемлекеттік қызметтерді ХҚО операторлары арқылы алу әлі де қолжетімсіз екенін хабарлауға тағы мәжбүр боп отыр, деп жазады Zakon.kz.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ және Мемлекеттік корпорацияның мамандары туындаған мәселені шешіп жатыр.

Азаматтарды түсіністік білдіруін сұраймыз, дейді.

Мемлекеттік қызметтер egov.kz электрондық үкімет порталында, egov mobile қосымшасында және egovkzbot2.0 телеграм-ботында онлайн түрде қолжетімді.

Қажет болған жағдайда клиенттер ХҚО-да орналасқан өзіне-өзі қызмет көрсету секторларындағы қызметкерлерден кеңес ала алады. Мемлекеттік корпорация келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.