Бұйрық 2024 жылғы 19 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
ERNUR.KZ. Қаржы министрі 2024 жылғы 16 шілдедегі бұйрықпен жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларация нысанының қолданылуын тоқтатты, деп жазады zakon.kz.
"Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияның нысанын және оны жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 927 бұйрығының 1-тармағы 3) және 4) тармақшасының қолданысы 2024 жылғы 1 тамызға дейін тоқтатыла тұрсын",- делінген құжатта.
Заңда жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияның жаңа нысанын (270.00-нысан), сондай-ақ оны жасау қағидаларын тоқтата тұру туралы айтылған.
Декларация осы қағидаларға сәйкес жасалатыны және 2022 жылдан бастап ұсынылатыны нақтыланады:
- жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар және олардың жұбайлары;
- мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары;
- мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары;
- "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және "Банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар нарығы туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Декларация табыс ету міндеті жүктелген адамдар;
2024 жылдан бастап:

- мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлері мен олардың жұбайлары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері мен олардың жұбайлары ұсынады.
Бұйрық 2024 жылғы 19 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.