Қазақстанда қолма-қол ақша алу тәртібі өзгеруі мүмкін

0
131

Қаулы жаңа vалық кодексіне сай өзгерістер мен мәлімет берудің жаңа түрлерін енгізуді көздейді.


Қазақстанда қолма-қол ақша алу тәртібі өзгеруі мүмкін

Фото: egemen.kz

ERNUR.KZ. Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "Кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу қағидаларын бекіту туралы" қаулының жобасын талқыға шығарды, деп жазады inbusiness.kz.

Егер қаулы қолданысқа енгізілсе, кәсіпкерлердің банктерден қолма-қол ақша алу реті өзгереді.

Қазіргі ереже бойынша, кәсіпкер ақша аларда оны қайда жұмсайтынын көрсетеді.

Бұдан кейін банк мемлекеттік кіріс органына хабарласып, ол мақұлдаған жағдайда ақшаны береді.

Ұлттық банк қаулыны 2026 жылдың I тоқсанында күшіне енеді деп жоспарлап отыр.