Қазақстанда көмірді автокөлікпен әкетуге тыйым салу мерзімі ұзартылды

0
837

Бұл алдағы жылыту маусымының басталуымен және халықты әлеуметтік көмірмен үздіксіз қамтамасыз етумен байланысты.


Қазақстанда көмірді автокөлікпен әкетуге тыйым салу мерзімі ұзартылды

ERNUR.KZ. Қазақстанда сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия көмірді автокөлікпен әкетуге тыйым салу мерзімі ұзарту туралы шешім қабылдады, деп жазады sputnik.kz.

"Ведомствоаралық комиссия отырысында көмірді автокөлікпен әкетуге тыйым салу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданды. Бұл алдағы жылыту маусымының басталуымен және халықты әлеуметтік көмірмен үздіксіз қамтамасыз етумен байланысты", - делінген үкімет хабарламасында.
Халықты газбен үздіксіз қамтамасыз ету және автомобиль нарығына жеткізу мақсатында сұйытылған мұнай газын автомобиль және теміржол көлік түрлерімен әкету бойынша шектеу белгіленген болатын.
Сондай-ақ комиссия отырысында жағармайларға экспорттық баж салығының алып тастау мәселесі талқыланды, тот баспайтын болаттан жасалған суық деформацияланған жіксіз құбырларға қатысты демпингке қарсы шараның қолданысын ұзарту және сыртқы сауда қызметінің басқа да мәселелері қаралды.
Қазақстанда көмір мен лигнитті автокөлікпен әкетуге мамыр айында тыйым салынған еді.