Қазақстанда коронавирус бойынша ауру өсімі төмендеді - бас санитар дәрігер

0
517

Ауруханалардағы орын саны 64 пайызға, оның ішінде реанимациялық төсек те 64 пайызға төмендеген.


Қазақстанда коронавирус бойынша ауру өсімі төмендеді - бас санитар дәрігер

ERNUR.KZ. Бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова Қазақстанда коронавирус бойынша көрсеткіштердің оң динамикасы байқалатынын айтты, - деп жазады Tengrinews.kz.

"Қатаң шектеу шаралары енгізілгеннен бері негізгі көрсеткіштердің оң динамикасы байқалады. Бүгінде ауру өсімі тәулігіне 0,5 пайызға дейін төмендеді. Инфекция таралуының тұрақты азаюы немесе репродуктивтілік көрсеткіші байқалады. Ол 2,2 есе, 1,72-ден 0,78-ге дейін төмендеді", - деді Есмағамбетова ОКҚ-нің онлайн-брифингінде.

Оның айтуынша, ауруханалардағы орын саны 64 пайызға, оның ішінде реанимациялық төсек те 64 пайызға төмендеген.

30 шілдеде елдегі аурудың тәуліктік өсімі 4-тен 1,7 пайызға түскені хабарланған болатын.