Денсаулық сақтау министрлігіне 114 миллиард 826 миллион теңге бөлінді.
ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанның коронавируспен күреске қанша ақша бөлгенін айтты, деп жазады Tengrinews.kz.
Оның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігіне 114 миллиард 826 миллион теңге бөлінді.
"Бұл соманың 40 миллиард 58 миллионы Үкімет резервінен. Атап айтқанда, 21 миллиард 184 миллионға жеке қорғаныс құралдарын сатып алуға жұмсалды. 2 миллиард 30 миллион дәрі-дәрмектерді, медициналық бұйымдарды сатып алуға жұмсалды. 2,5 миллиард теңгеге зертханалық жабдықтар, коронавирусты анықтау үшін тест-жүйелер сатып алуға бөлінген. 100 миллион теңге коронавирусты анықтауға арналған реагенттер жиынтығын жасау мен шығару бойынша қызметтерді сатып алуға бөлінген.
ПТР әдісімен зертханалық зерттеулер бойынша қызмет көрсету 13,7 миллиард теңге. 310 миллион теңге отандық өндірісттегі ИВЛ аппараттарын сатып алып, жедел жәрдем көліктерін жаблықтауға. 131 миллион теңге азаматтарды эвакуациялауға бөлінген.
Республикалық бюджеттен 74 миллиард теңге бөлінді:
19,5 миллиард теңге медициналық ұйымдар инфекциялық, провизорлық және карантин стационарларындағы медициналық қызмет көрсетуге бөлінген. Карантин іс-шараларын өткізуге тартылған қызметкерлерді ынталандыруға 40,4 миллиард теңге бөлінген. Жұқпалы ауру жұқтырғандарды орналастыру үшін үш тез салынатын кешен құруға 14,8 миллиард теңге бөлінген", - деді министр.