Қазақстанда коронавирусты адамдарға қасақана жұқтыру тіркелген жоқ – ІІМ

0
558

10 053 полиция қызметкері карантиндік шараларды қамтамасыз етуге жұмылдырылған.


Қазақстанда коронавирусты адамдарға қасақана жұқтыру тіркелген жоқ – ІІМ

ERNUR.KZ. Қазақстанда КВИ адамдарға әдейі жұқтыру фактісі тіркелген жоқ, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясын қасақана жұқтыру фактілері тіркелген жоқ», - деп хабарлады ҚР ІІМ ҚазАқпарат сауалына жауап ретінде.

Министрліктің мәліметінше, елдегі карантин шараларын қамтамасыз ету үшін 10 053 полиция қызметкері жұмылдырылған.

Соңығы мәліметке сәйкес, елде коронавирусқа қатысты 99 442 жағдай, COVID-19 белгісіне ұқсас 13 280 пневмония анықталды.

Бұған дейін, Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова карантин режимін сақтамаған тұрғындар мен кәсіпкерлердің қалай жазаланатыны туралы айтқан болатын.