Қазақстанда коронавирусты қан құю арқылы емдеу қашан басталады

0
1 434

Қан құю туралы қорытынды шешімді науқастың жағдайына байланысты емдеуші дәрігер қабылдайды.


Қазақстанда коронавирусты қан құю арқылы емдеу қашан басталады

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің комитетінде COVID-19-ды иммундық плазма арқылы емдеу қашан басталатынын айтып берді, деп жазады Nur.kz.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиевтің айтуынша, бұл әдіс өзге елдердің үлгісі бойынша вирусты анықтау мен емдеудің клиникалық хаттамасына енгізілгенімен, қазіргі уақытта еліміздің бірде-бір қаласында коронавирус инфекциясын емдеуде иммундық плазма қолданылмайды.

Сондай-ақ ол аурудан жазылып шыққандардың қанын құю арқылы коронавирус науқастарын емдеу үшін мамандандырылған министрлік деңгейінде сәйкес бұйрық жасалып қойғанын атап өтті. Аталған құжат сараптамадан өтуде. Одан бөлек, иммундық плазманы алуға есептер жүргізілуде.

Аталған бұйрық жақын уақытта қабылданады деп күтілуде. Сонымен бірге иммундық плазманы қолдануға рұқсат беріледі.

"Жақын болашақта емдеудің бұл түрі қолданыла бастайды", – деді ол.

Спикер қан алудың нақты өлшемдері пысықталатынын мәлімдеді. Сондай-ақ ол вирустан жазылып, ниет білдіргендердің барлығы бірдей донор бола алмайтынын атап өтті.

Қан құю туралы қорытынды шешімді науқастың жағдайына байланысты емдеуші дәрігер қабылдайды.