Қазақстанда криптовалюталар 1 мамырдан бастап бақылауға алынады

0
84

Бұл туралы 2026 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Ұлттық Банкі баспасөз қызметі мәлімдеді.


Қазақстанда криптовалюталар 1 мамырдан бастап бақылауға алынады

ERNUR.KZ. Қазақстанда цифрлық активтердің айналымын реттеу енгізіледі, деп жазады Zakon.kz.


Бұл туралы 2026 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Ұлттық Банкі баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ұлттық Банк 2026 жылғы 1 мамырдан бастап Қазақстан Республикасында цифрлық активтердің айналымы жүйелі түрде реттелетінін хабарлайды. Тиісті заңнамалық түзетулер "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" ҚР Заңында көрсетілген. Цифрлық активтер айналымының тұтас құқықтық режимі қалыптастырылды, олар реттелетін ортада қолданылады.

Жаңа реттеу аясында цифрлық активтердің мына түрлері:

1) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер (криптовалюталар);

2) цифрлық қаржы активтері (ЦКА), соның ішінде:

  • ақшамен қамтамасыз етілген стейблкоиндер;
  • токенделген нақты активтер;
  • дәстүрлі қаржы құралдарының цифрлық нысандары айқындалды.

ЦҚА капитал тарту мүмкіндіктерін кеңейтіп, инвесторларға әр түрлі активтерге қол жеткізетін жаңа инвестициялық құралдар класын қалыптастырады.

Бір мезгілде қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер айналымының реттелетін ауқымы кеңейтіледі. Олардың айналымы цифрлық активтер қызметінің лицензияланатын провайдерлері арқылы кеңейтіледі, бұл операциялардың ашықтығын және мемлекет тарапынан бақылауды қамтамасыз етеді.

Нарықтың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін цифрлық активтер қызметтерінің провайдерлері институты енгізіледі.

Олар:

  1. цифрлық қаржы активтері платформаларының операторлары – ЦҚА цифрлық (токенизацияланған) нысанда шығаруды, сондай-ақ ЦҚА-мен мәмілелер жасау кезінде құқықтардың айналымын және есепке алынуын жүзеге асырады;
  2. цифрлық активтердің сауда платформаларының операторлары – ЦҚА-мен және қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен (криптобиржа) сауда-саттықты ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз етеді;
  3. қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторлары – қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді (крипто айырбастау орны) сатып алу және сату бойынша операцияларды орындайды.

Көрсетілген провайдерлер цифрлық активтердің әмиянын ашып, оларға қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ пайдаланушылардың операциясын реттелетін ортада жүргізеді.

2026 жылғы 1 мамырдан бастап қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторларының лицензия алуы, сондай-ақ цифрлық активтердің сауда платформалары мен цифрлық қаржы активтері платформалары операторларының есептік тіркеуден өтуі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиісті құжаттарды тапсыру арқылы жүзеге асырылады.

Талаптар мен құжаттардың тізбесі Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында орналастырылған.

Ұлттық Банк цифрлық активтерді, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) аумағынан тыс Қазақстан Республикасының юрисдикциясында қолданылатын цифрлық активтер қызметі провайдерлерінің қызметін лицензиялап, олардың айналымын реттейі және қадағалайды.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі цифрлық қаржы активтерінің (стейблкоиндерді есепке алмағанда) айналымын реттейді.

АХҚО өз юрисдикциясы мен құқықтық режимі аясында цифрлық активтермен қызметті іске асыратын ұйымдарды реттеу ісін жалғастырады.