Қазақстанда күн салқындайды

0
677

Найзағай ойнап, бұршақ жауып, жел тұрады.


Қазақстанда күн салқындайды

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 19-21 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


"Қазгидромет" болжамы бойынша, атмосфералық фронталь бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы орын алады. Найзағай ойнап, бұршақ жауып, жел тұрады. Орталықта, солтүстік-шығыс пен оңтүстік-шығыста нөсер жауын-шашын болатын көрінеді.


"Батыс өңірлер ғана антициклон ықпалында болады. Онда жауын-шашынсыз ыстық ауа райы күтіледі. Республиканың солтүстік жартысында түнде ауа температурасы 5-13 градус, күндіз 12-20 градусқа дейін, елдің оңтүстік жартысында түнде 10-18 градус, күндіз 18-27 градусқа дейін төмендейді", - делінген "Қазгидромет" хабарламасында.