Қазақстанда магнитудасы 5,3 болатын жер сілкінісі тіркелді

0
994

Жер сілкінісі Алматы уақыты бойынша сағат 11:14-те тіркелді.


Қазақстанда магнитудасы 5,3 болатын жер сілкінісі тіркелді

1 сәуірде ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің Ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен жаңа жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"ҚР ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен сағат 11-14-те жер сілкінісі тіркелді, эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан батысқа қарай 308 км жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.2. MPV магнитудасы 5.3. Эпицентрдің координаттары 42.77° С. Е. 73.18° Ш. Б. тереңдігі 25 км. Сезілетіндігі туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша): Жамбыл облысының Мерке к. 2 балл. Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат болған жоқ. Мониторинг жүргізілуде.", - делінген хабарламада.