Қазақстанда маркетплейстерде антибиотиктерді сатуға тыйым салынбақ

0
122

Бұған дейін қазақстандықтар күшті антибиотиктерге әуестеніп кеткені айтылған.


Қазақстанда маркетплейстерде антибиотиктерді сатуға тыйым салынбақ

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. Қазақстанда интернет-платформалар арқылы дәрі-дәрмек сатуды қатаң шектеу жоспарланып отыр. Денсаулық сақтау министрлігі маркетплейстерде рецептпен берілетін препараттарды, соның ішінде танымал антибиотиктерді сатуға толық тыйым салуды ұсынды, деп жазады tengrinews.kz.

Толығырақ

Бұл туралы Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіпов мәлімдеді.

Жүсіповтің айтуынша, бүгінде Қазнетте тек дәрігердің рецепті бойынша берілуі тиіс препараттардың танымал маркетплейстерде еркін сатылып жатқан жағдайлары тіркеліп жатыр.

Мұндай жағдайларда Денсаулық сақтау министрлігі нақты шаралар қолдануға мәжбүр - заңсыз позицияларды жою үшін платформа иелерімен байланысу мақсатында уәкілетті органдарға жүгінеді.

Алайда, спикердің сөзінше, жекелеген шаралар енді жеткіліксіз, сондықтан ведомство бұл мәселені жүйелі түрде реттеуді жоспарлап отыр.

"Рецептпен берілетін препараттарды ешбір жағдайда онлайн сатып алуға болмайды. Оларды дәріханадағы фармацевт беруі тиіс", - деді Бауыржан Жүсіпов.

Тұтынушылар үшін не өзгереді?

Денсаулық сақтау министрлігі келесі нормаларды енгізуді ұсынады:

  1. Онлайн сатып алуға толық тыйым салу. Бұдан былай "үйреншікті" антибиотикті немесе кез келген басқа рецептілік дәріні үйге немесе тапсырыс беру пунктіне дейін жеткізумен еркін тапсырыс беру мүмкін болмайды.
  2. Классикалық дәріханаларға қайта оралу. Мұндай дәрі-дәрмектерді сатып алу үшін азаматтар дәстүрлі дәріханаларға жеке барып, дәрігердің ресми рецептін көрсетуі керек болады.

Денсаулық сақтау министрлігі нормативтік құқықтық нормалар жобасын күзге қарай дайындайды деп күтіледі.

Сонымен қатар Бауыржан Жүсіпов антибиотиктерді маманның нұсқауынсыз бақылаусыз қабылдау антибиотикке төзімділіктің (ағзаның дәрілерге үйреніп алуы) дамуына әкелетінін, бұл денсаулыққа үлкен қауіп төндіретінін атап өтті. Бұл - интернетте мұндай препараттарды сатуға тыйым салу туралы бастаманың басты себебі.

Мән-жайы

Бұған дейін қазақстандықтар күшті антибиотиктерге әуестеніп кеткені айтылған. Соның салдарынан бактериялар мутацияға ұшырап, кәдімгі препараттар әсер етпейтін "супербактерияларға" айналған.