Қазақстанда мектеп оқулықтары тағы да қайта жаңартылады

0
90

Процесс үш жылға созылады.


Қазақстанда мектеп оқулықтары тағы да қайта жаңартылады

фото:stan.kz.

Оқу-ағарту министрлігі оқулықтарды төртінші рет ауқымды түрде түзету басталатынын мәлімдеді, деп жазады stan.kz.

Процесс үш жылға созылады. Ведомствоның айтуынша, жаңарту мектеп оқушыларының білім сапасын арттырып, білім беру жүйесін қазіргі экономиканың талаптарына бейімдеуге көмектеседі.

2026 жылы жаңа оқулықтар 3, 4, 7, 8 және 9-сынып оқушыларына беріледі.

2027 жылы 1 және 5-сыныптар, сондай-ақ жоғары сынып оқушылары жаңартылған материалдармен оқиды. Ал 2028 жылы 2 және 6-сыныптарға арналған оқулықтар жаңартылады.

Қазақстанда бұған дейін мектеп оқулықтары бірнеше рет жаңартылды:

  • 2016–2019 жылдар

12 жылдық білім беру элементтері енгізіле бастады. Жаңартылған мазмұн (жаңа оқу бағдарламасы) бойынша оқулықтар шықты. Бастауыш сыныптардан бастап кезең-кезеңімен ауыстырылды

  • 2020–2022 жылдар

Жаңартылған бағдарлама толықтай кеңейтілді. Орта буын сыныптарының (5–9) көптеген оқулықтары жаңарды. Кейбір пәндер қайта түзетіліп, қайта басылды

  • 2023–2024 жылдар

Оқулықтардың бір бөлігі қайта редакцияланды (қателерді түзету, мазмұнды жаңарту). Кей пәндер бойынша жаңа басылымдар енгізілді