Бұйрық 2026 жылғы 21 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
"Ұстаз" платформасы арқылы – "педагог-модератор" және "педагог-сарапшы" біліктілік санаттарына;
"Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы – "педагог-зерттеуші", "педагог-шебер", сондай-ақ үшінші, екінші және бірінші санаттағы басшы мен басшының орынбасары біліктілік санаттарына.
Аттестаттаудан өту үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
- өтініш;
- білімі туралы диплом (мәліметтер цифрлық жүйелерде болмаған жағдайда);
- қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (бар болса);
- еңбек қызметін растайтын құжат (мәліметтер цифрлық жүйелерде болмаған жағдайда);
- білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификат;
- берілген біліктілік санаты туралы куәлік пен бұйрық (санаты бар тұлғалар үшін);
- кәсіби жетістіктері мен тәжірибесін жинақтау және таратуын растайтын құжаттар;
- білім алушылардың жетістіктерін растайтын құжаттар;
250–300 сөзден тұратын эссе.
Жеке басты куәландыратын құжат, білімі және еңбек қызметі туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінен электрондық үкімет шлюзі арқылы автоматты түрде алынады.
Аттестаттаудан "педагог-модератор" және "педагог-сарапшы" біліктілік санаттарына өтетін педагогтердің құжаттары "Ұстаз" ұлттық платформасында қалыптастырылады.
Қызмет көрсетуші мемлекеттік қызмет көрсету процесінің әр кезеңі туралы мәліметтерді мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін мониторингтеудің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ қағидаларға өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген жағдайда, білім беру саласындағы уәкілетті орган нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" операторына, мемлекеттік қызмет көрсетушілерге және Бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.
Аттестаттаудан өткен педагогтердің ОЗП нәтижелері бойынша қалыптастырылған цифрлық деректер базасы бес жыл бойы сақталады.
Педагогтерді аттестаттау оқу жылында бір рет өткізіледі. Аттестаттауға өтініштерді қабылдау мерзімін білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
Педагог қызметінің нәтижелеріне кешенді аналитикалық қорытынды жасау ағымдағы оқу жылының қаңтар-тамыз айлары аралығында жүргізіледі.
Бұйрық 2026 жылғы 21 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.


