Қазақстанда мыңнан аса шетел азаматы жазасын өтеп жатыр

0
97

Олардың 527-сі Өзбекстан, 234-і Ресей, қалғандары Қырғызстан, Түркіменстан, Әзірбайжан азаматтары.


Қазақстанда мыңнан аса шетел азаматы жазасын өтеп жатыр

ERNUR.KZ. Қазіргі уақытта елде 1085 шетел азаматы жазасын өтеп жатыр. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Олардың 527-сі Өзбекстан, 234-і Ресей, қалғандары Қырғызстан, Түркіменстан, Әзірбайжан азаматтары.
Сенат отырысында Қазақстан мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы сотталғандарды беру туралы шартты ратификацияланды.
Бас Прокурор орынбасарының айтуынша, Қазақстанда сотталған Вьетнам азаматтары жоқ (Вьетнамда сотталған қазақстандықтар да жоқ), бірақ халықаралық қатынастардың белсенділігін ескере отырып, ықтимал қақтығыстарды болдырмау үшін мұндай келісімді қабылдау қажет.
Мәлім болғандай Қазақстан Қытай, Түркия және Біріккен Араб Әмірліктері сияқты 23 елмен осындай келісімдер рәсімдеген.
Тек соңғы бес жылда Қазақстанға жазасын өтеу үшін басқа елдерден 160 азаматымыз ауыстырылса, 900 қазақстандық жазасын өзге елде өтеп жатыр.