Егер қазақстандық өзінің атына басқа біреудің рәсімдеген несие жайлы бірнеше айдан кейін білсе, онда оның бұл қарызды төлемеуге құқығы болады.
ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаты Айгүл Құспан елімізде рәсімделген несиеден бас тарту үрдісін енгізуді ұсынды, деп жазады Stan.kz.
Айтуынша, осылайша қазақстандықтарды алаяқтардан қорғауға болады. Қазірдің өзінде жағдай мәз емес, себебі тұрғындардың арасында өзі рәсімдемеген несиені төлеуге мәжбүр адамдардың саны көбейген. Депутат бүгінде мұндай бастама Ресейде көтерілгенін атап өтті.
Жаңа заң бойынша азамат ерікті түрде несиеден бас тарта алады. Бұл дегеніміз егер қазақстандық өзінің атына басқа біреудің рәсімдеген несие жайлы бірнеше айдан кейін білсе, онда оның бұл қарызды төлемеуге құқығы болады. Қаржы ұйымдары да мұндай азаматтардан несиені өтеуді талап ете алмайды.
"Бұны нағыз апат деп айтуға болады: айтып отырғаным мемлекетіміздің қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, біздің азаматтарымыздың сеніміне нұқсан келтіреді. Өздеріңіз ойлап көріңіздерші, коллекторлық ұйым немесе сот орындаушылары азаматқа келіп, оның төленбеген несиесі туралы айтып тұрса, оның жағдайы не болмақ? Немесе шетелге саяхаттауғабара жатқан азаматты Қазақстаннан шығармай қойса ше? Мұндай жайттарды естіп те, көріп те жүрміз", - дейді мәжіліс депутаты Айгүл Құспан.