Қазақстанда өндірістік жарақаттану деңгейі 2,5 пайызға азайған

0
683

Өткен жылы өндірістегі жазатайым оқиғалардың салдарынан 1 465 қызметкер зардап шеккен, олардың 200-і қаза тапты.


Қазақстанда өндірістік жарақаттану деңгейі 2,5 пайызға азайған

ERNUR.KZ. 2021 жылдың қорытындысы бойынша өндірістік жарақаттану деңгейі 2020 жылмен салыстырғанда 2,5% - ға азайды, деп жазады ҚазАқпарат.

Өткен жылы өндірістегі жазатайым оқиғалардың салдарынан 1 465 қызметкер зардап шеккен, олардың 200-і қаза тапты.

Осылайша, 2021 жылы жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициенті 1000 адамға шаққанда 0,22 (2020 жылы – 0,23) құрады.

Өндірістік жарақаттанудың жоғары деңгейі Қарағанды (238 адам зардап шекті), Шығыс Қазақстан (204 адам), Қостанай (122 адам), Павлодар (114 адам), Ақтөбе (107 адам) облыстары мен Алматы қаласындағы (107 адам) кәсіпорындарда сақталды.

Экономика салалары бойынша зардап шеккендердің ең көп саны тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарында – 18,8% (276 адам) және құрылыс саласында – 11,3 % (167 адам) байқалады.