Қазақстанда өнеркәсіптік өндірістің индексі 105,6% құрады

0
1 134

ERNUR.KZ. Қазақстанда ​2018 жылғы қаңтар-ақпанда 2017 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда шикі мұнай, табиғи газ және металл кендерінің өндірісі ұлғайды.


Қазақстанда өнеркәсіптік өндірістің индексі 105,6% құрады

ERNUR.KZ. Қазақстанда 2018 жылғы қаңтар-ақпанда 2017 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда шикі мұнай, табиғи газ және металл кендерінің өндірісі ұлғайды. Ұлттық экономика министрлігі келтірген мәлімет бойынша елімізде тамақ өнімдері, сусындар, резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісі, химия, фармацевтика, металлургия өнеркәсібі және машина жасау өнімдерінің өндірісі өсті. Ал, көмір және лигниттің өндірісі мен жанар-жағармай шығару қысқарды, темекі өнімдері және өзге де көлік құралдарын жасау төмендеді.

Өнеркәсіптік өнімдердің өндіріс көлемінің өсуі республиканың 13 өңірінде байқалды.