​Қазақстанда Орталық Азиядағы алғашқы антидопингтік зертхана ашылады

0
101

Қазақстанда таза спортты дамытуға ден қойылмақ. Елімізде Орталық Азиядағы алғашқы антидопингтік зертхана ашу жоспарланып отыр.


​Қазақстанда Орталық Азиядағы алғашқы антидопингтік зертхана ашылады

ERNUR.KZ. Қазіргі уақытта нысан дайындықтың соңғы кезеңінен өтуде. Зертхананы 2027 жылы пайдалануға беру жоспарланған. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді.

«Бүгінде қазақстандық спортшылардың допинг-сынама талдаулары Германияға жіберіледі. Бұл қосымша қаржы мен уақытты талап етеді. Жаңа зертхананың іске қосылуы сынамаларды елімізде зерттеуге мүмкіндік беріп қана қоймай, спорт саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытуға да жол ашады», – деді министр өз жауабында.