Компанияның мақсаты – клиенттердің сәлемдемелерін Қазақстан бойынша 1 күн ішінде жеткізу.
ERNUR.KZ. Бүгінде e-commerce инфрақұрылымын дамыту және клиенттер үшін хаттар мен сәлемдемелерді жеткізу мерзімін қысқарту бойынша жұмыс нәтижесі айтарлықтай жақсарды. Осы жылы Қазпошта клиенттеріне 19 млн сәлемдеме жеткізген, деп жазады baq.kz.
Қазпошта еліміздегі электрондық коммерцияның толыққанды жүйесін дамыту үшін өте ауқымды жұмыс атқарды. Біз жеке үй-жайлары жоқ кәсіпкерлер үшін Ақтөбе, Алматы және Нұр-Сұлтанда фулфилмент-орталықтарын аштық. Осында қойманы жалға алып, оған қоса өтінімдерді жинау және сату, тауарларды қаптау және Қазақстанның кез келген нүктесіндегі клиентке дейін жеткізу қызметтерін жүргізетін байланыс орталықтарының қызметтеріне ие болуға болады. Бірнеше паллеттер ғана жалға алынса да, Қазпошта сервисінің деңгейі жоғары болады. Бүгінде біздің фулфилмент орталықтары 8 млннан асатын тауарлары бар 79 компанияға қызмет етеді. Сонымен бірге, Алматы, Ақтөбе және Нұр-Сұлтан қалаларындағы клиенттерге тауарды 1 күн ішінде, ал басқа қалаларға 2-3 күн ішінде жеткізеді - дейді компания өкілі.
Халықаралық деңгейге шығуды қалайтындар Etsy немесе Amazon сияқты шетелдік алаңдарда тіркеліп, жұмыс істеуді үйреніп жатыр. Бұл миллиондаған доллармен есептелетін кірістер және мүлдем басқа деңгей.
Қазпошта 2 жыл бойы осындай адамдар үшін жұмыс істеп келеді. Біздің мамандарымыз бүкіл ел бойынша шағын және орта бизнеске арналған тегін семинарлар өткізді. Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтанда Е-commerce орталықтарын аштық. Осында кез келген ниетті тұлға өзінің сайтын жасай алады – бұл іс жүзінде виртуалды дүкен, оны ілгерілетіп, тапсырыстар мен төлемдерді қабылдауды үйренуге болады. Сонымен қатар осы жылы біз "Технодом" және "Ламодамен" бірге қызмет жасай бастадық, "Kaspi Жұма" қазақстандық онлайн сатып алулар іс-шарасының ресми серіктесі атандық. Kaspi.kz серіктесіміз 50 млрд теңгеден асқан рекордтық түсім туралы мәлімдеді - дейді компания мамандары.
Компания мәліметтеріне қарағанда жақында дәстүр бойынша Қазпоштаның "e-commerce" төлем картасын ұстаушылары арасындағы конкурс жеңімпазына Hyundai Tucson автокөлігі сыйға беріледі.
Компанияның жаңа жобалары қатарында – "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының арнайы экономикалық аймағы аумағында бондтық қойманың ашылуы және Қытайдан Еуропалық одақ елдеріне халықаралық пошта жөнелтімдері транизитінің іске қосылуы. Бұның арқасында қоймадан пошта жөнелтімдерінің жеткізу мерзімдері айтарлықтай қысқарды: Еуропалық одақ елдеріне тауар жеткізілетін елге байланысты әуе арқылы – 2-3 күнге дейін, авто арқылы – 7-12 күнге дейін - дейді олар.Компанияның мақсаты – клиенттердің сәлемдемелерін Қазақстан бойынша 1 күн ішінде жеткізу. Бұл Қазпоштаның қолынан келеді. Қазірдің өзінде сәлемдемелердің 85% Қазақстан бойынша 3 күн ішінде жеткізіледі. Ал екі жыл бұрын бұл көрсеткіш небәрі 3% құрайтын.