Қазақстанда референдум күні 585 сәби дүниеге келді

0
109

Оның ішінде Ақтөбе және Түркістан облыстарында 2 егіз дүние есігін ашты.


Қазақстанда референдум күні 585 сәби дүниеге келді

Фото: ҚР ДСМ баспасөз қызметі

ERNUR.KZ. 15 наурызда республикалық референдум өткен күні, елдің медициналық ұйымдарында 585 нәресте дүниеге келді, деп жазады inbusiness.kz.

Жаңа туған нәрестелердің ішінде 310 ұл және 275 қыз бар.

Балалардың ел үшін маңызды күні дүниеге келуі – өмірдің жалғасуы мен Қазақстанның болашағының нышаны. Әрбір жаңа азамат – мемлекеттің әрі қарай дамуына, әл-ауқаты мен өркендеуіне деген үміт.

Еліміздің барлық өңірлерінде медицина қызметкерлері аналар мен жаңа туған нәрестелерге уақытылы әрі сапалы медициналық көмек көрсетіп, жоғары біліктілік пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетті.