Қазақстанда сауда орталықтарына жалдау ақысын көтеруге тыйым салынады

0
113

Жаңа ережелердің енгізілу мерзімі туралы министрлік кейінірек хабарлайтыны айтылды.


Қазақстанда сауда орталықтарына жалдау ақысын көтеруге тыйым салынады

Фото:depositphotos.com/ urf

ERNUR.KZ. Қазақстанда барлық сауда нысандарында жалдау ақысын жылына бір реттен жиі көтеруге тыйым салынады. Бұл туралы Үкімет отырысында сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.

"Ірі сауда нысандары мен базарлар үшін жалдау ақысын қайта қарау жылына бір реттен жиі болмауы жөнінде шектеу қойылған. Бүгін бұл нормаларды барлық сауда нысандарына таратуға мүмкіндік беретін түзетулер дайындадық", – деді министр.

Ведомство мәліметінше, түзетулер ережелерге енгізілген және Әділет министрлігінде келісу мен тіркеу сатысында тұр. Жаңа ережелердің енгізілу мерзімі туралы министрлік кейінірек хабарлайтыны айтылды.

Болашақта, егер сауда нысандарында жалдау ақысы жылына бір реттен жиі көтерілсе, жалға алушылар Сауда және интеграция министрлігіне шағымдануға құқылы болады.