Қазақстанда шекарадан жылдам өту үшін ақылы режим енгізілді

0
104

Бұл өзгеріс бүгін 23 қыркүйектен қолданысқа енеді.


Қазақстанда шекарадан жылдам өту үшін ақылы режим енгізілді

фото: КГД МФ РК

ERNUR.KZ. Қазақстан қаржы министрлігі ақылы негізде электронды кезек бойынша мемлекеттік шекара арқылы өткізу ережесіне өзгерістер енгізді, деп жазады sputnik.kz.
Бұл көлік құралдары, тауарлардың және жүктердің иелеріне қатысты. Құжатта шекарадан жылдам өту үшін жеке ақылы режимді енгізе отырып, кезектен тыс және жылдам өткізу тәртібі жазылған.
2023 жылы жарияланған бұйрықта жүк көліктері мен ауыр жүк көлік иелері өткізу пунктінен жедел өту үшін 100 АЕК немесе 393 200 теңге (724,6 доллар) төлейтіні жазылған. Жаңа ережелерде қаржы министрлігі осы бұйрыққа сілтеме жасайды.
Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарына өткізу пункттерінің жанында күту аймақтарын жайластыру міндеті жүктеледі.
"Күту аймағы - көлік құралдарын орналастыруға арналған арнайы аймақ. Мұнда өткізу пунктінің тәуліктік өткізу қабілеті негізге алынады. Өткізу пунктіне тікелей жақын орналасқан арнайы жабдықталған алаң", - деп түсіндірді ведомство.
Жануарлар, тез бұзылатын және қауіпті жүк тиеген азаматтар кезектен тыс тіркеуден өте алады. Сондай-ақ шет мемлекет үкіметінен дипломатиялық арна арқылы келіп түскен ресми өтініш бойынша гуманитарлық, әскери жүктер мен жүктер де жылдам өтеді.
Бұйрық 2025 жылғы 23 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.