Құқықтық саясатты зерттеу орталығы (Д. Нұрымов) 284 млн теңге көлемінде қаржыландырылды.
ERNUR.KZ. 2025 жылдың екінші жартысында қазақстандықтар шетелден 12 млрд теңге көлемінде қаржыландыру алғаны белгілі болды, деп жазады stan.kz.
Мемлекеттік кірістер комитеті алғаш рет шетелден қаржыландырылған қазақстандықтар мен қазақстандық компанияларға қатысты ақпарат берді. Ақапартта нақты сомалар мен шетелдік донорлар толығымен көрсетілген.
Тізімде үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық қорлар, медиакомпаниялар мен құқық қорғау ұйымдары бар. Олар халықаралық құрылымдардан, шетелдік қорлар мен институттардан қаржыландыру алған. Тізімдегілердің басым көпшілігі құқыққорғаушылар мен журналистер.
Ашық дереккөздерден алынған мәліметтерге сәйкес, құқық қорғаушылар арасында көш бастап тұрған "Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы" ҚБ (Е. Жовтис, И. Иманбай және т.б.). Олар 350 млн теңгеден астам қаражат алған. Қаржы Джордж Соростың "Ашық қоғам институты" құрылымдарынан, SIGRID RAUSING TRUST және National Endowment for Democracy (NED) сияқты ұйымдардан түскен.
Ал MediaNet журналистері (Ә. Жәлелов) жарты жыл ішінде 300 млн теңгеге жуық қаражат алған. Бұл құрылымның негізгі демеушілері – Джордж Соростың "Ашық қоғам институты", European Endowment for Democracy, THE NIPPON FOUNDATION және n-ost – Netzwerk fur Osteuropa-Berichterstattung e және т.б.
Құқықтық саясатты зерттеу орталығы (Д. Нұрымов) 284 млн теңге көлемінде қаржыландырылды. Шетелдік донорлар ретінде Еуропалық комиссия, Заманауи журналистиканы дамыту орталығы және АҚШ Мемлекеттік департаменті көрсетілген.
2023 жылы "Сорос-Қазақстан" қорының негізінде құрылған "CAPS Unlock" ҚҚ (басшысы А. Айдарқұлова) Ашық қоғамды қолдау қоры (OSF және FPOS) арқылы 175 млн теңге алды.
"PaperLab" ҚҚ (С. Бейсембаев, А. Решетняк, К. Қабатова, А. Тілегенова және т.б.) Мемлекеттік кірістер комитетінің тізілімінде 99 млн теңгемен көрсетілген. Демеушілері – Джордж Соростың "Ашық қоғам институты" және National Endowment for Democracy.
"Әділ сөз" (Қ. Жаманқұлова, Д. Уткин, Т. Калеева) 97 млн теңге алды. Қаржыландыру көздері – Ұлыбритания мен Нидерланды елшіліктері.
"Бостандық қанаты" (Крылья свободы) ҚҚ (Р. Реймер, Е. Швецова) тізілімде 61 млн теңге сомасымен тұр. Қаражатты Ашық қоғамды қолдау қоры (FPOS), Нидерланды елшілігі және Соғысты зерттеу институты (ISW) бөлген.
Б. Төреғожина басқаратын "Ар.Рух.Хақ" ұйымы Foreign, Commonwealth & Development Office (FCDO) мен National Endowment for Democracy-ден 44 млн теңге алды.
Гендерлік мәселелермен айналысатын "FemAgora" ҚҚ (Лейла Зулейха Махмудова, Ксения Удод, Дария Касмамытова) 15 млн теңге қаржы алған.
Бұл тізімді жариялау Салық кодексінің талаптарына және "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылғаны хабарланды. Жарияланған деректерде алынған қаражатқа іске асырылған жобалар туралы, сондай-ақ шетелдік қаржыландырудың түпкілікті бенефициарлары туралы ақпарат жоқ.


