Қазақстанда шетелдік азаматтарға трансплантациялық операция жасауға тыйым салынбақ

0
980

Мұндай қадам ағзаны заңсыз сататындардың қатарын азайтады дейді.


Қазақстанда шетелдік азаматтарға трансплантациялық операция жасауға тыйым салынбақ

ERNUR.KZ. Қазақстанда шетелдік азаматтарға трансплантациялық операция жасауға тыйым салынбақ. Бұл туралы Мәжіліс отырысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. Ол депутаттарға денсаулық сақтау жүйесіне енгізілетін өзгерістерді таныстырды, деп хабарлайды Astana арнасы.

Шетелдіктерге Қазақстан аумағында ағзаны ауыстыру операцияларына тиым салу туралы шешім шулы жанжалдардан соң қабылданып отыр. Мұндай қадам ағзаны заңсыз сататындардың қатарын азайтады дейді.

Заңнама бойынша елде трансплантация жасау үшін донор мен науқастың туыстық қатынасы, әрі тері үйлесімділігі болуы керек. Қазірше шетелдіктерге дәл осы міндет қойылып отыр. Бірақ, отандастарымыз үшін тек тері үйлесімділігінің сақталуы жеткілікті болмақ, - дейді ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Жаңа заң жобасында ата-анасының қатысуынсыз психологиялық көмек алудағы жас мөлшерін 18 ден 16 ға дейін төмендету ұсынылды. Министрдің айтуынша, қазір жастар жыныстық қатынасқа ерте түседі. Сондықтан олар өз-өзіне қол жұмсайтын көрінеді. Оның ойынша, психологқа жүгінудегі жас мөлшері азайтылса, оқушылар арасындағы суицид азаюы мүмкін.

Азаматтардың медицицналық көмек алуға деген құқығы қызу талқыланды. Түсік жасату үшін бастапқы, яғни кәмелет жасқа толған болуы керек деген норманы қалдырдық. Бала өз бетінше шешім қабылдай алуы үшін тек психологиялық көмек алуда ғана жас мөлшерін кемітпекпіз, - дейді Елжан Біртанов.

Жүкті әйелдердің тең жартысы созылмалы аурумен ауырады. Ал олардың 20%-на босануға мүлдем болмайды. Алайда, олар дәрігерді тыңдамай, тәукелге барады. Ақыр-соңында дәрігерге айып тағады-,деді Елжан Біртанов. Ал Қазақстан халық санының аз болғанына қарамастан, бала өлімі бойынша Еуразиялық одақ елдері ішінде Ресейден кейінгі екінші орында. Бір жылда 4 мыңға жуық сәби шетінеп кетеді. Ал, Атыраудағы мұздату камерасында өлген нәресте өлімінен кейін министрлік барлық емханалар мен медициналық орталықтарды өз бақылауына алуды көздеп отыр.

Жыл басынан бері қызылшадан 15 адам көз жұмған. Олардың көбі балалар. Елжан Біртанов өлім-жітімнің көбейюі вакциналардың уақытылы егілмеуінен,-дейді. Енді жаңа жүйеге сәйкес екпе егілмесе, балғындар балабақшаға қабылданбайды. Ал өзгерістер қай уақытта күшіне енетіні әзірге белгісіз.