Қазақстанда шілде айынан бастап кейбір ақша аударымдары бұғатталады

0
374

Алаяқтық белгілері бар транзакцияларды бұғаттау 22 шілдеден бастап жүзеге аспақшы.


Қазақстанда шілде айынан бастап кейбір ақша аударымдары бұғатталады

ERNUR.KZ. Ұлттық банк "Алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректермен алмасу орталығының қызметін және оның қызметіне қатысатын тұлғалармен өзара іс-қимылын жүзеге асыру тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы" ҚҰБ басқарма қаулысының жобасын әзірледі, деп жазады inbusiness.kz.

ҚР Ұлттық банкі антифрод-орталығы іске қосылатынын хабарлады. Антифрод-орталығы дегеніміз не? Қашан іске қосылады?

Бұл қаржы ұйымдары, құқық қорғау органдары, сондай-ақ ұялы байланыс операторлары қосылатын технологиялық платформа.

Ол алаяқтық белгілері бар транзакцияларға жедел әрекет ету мақсатында жасақталып отыр.

Алаяқтардың шоттарындағы аударымдар бұғатталып, үш күн ішінде қайтарылады. Осындай талап қойып отырған Ұлттық банк нормативтік құқықтық актілерде қаржылық ұйымдардың алаяқтық белгілері бар операциялар бойынша деректер алмасу орталығымен өзара іс-қимылына қойылатын талаптардың жобаларын жариялады.

Ұйымдар алаяқтыққа қарсы орталықтың дерекқорларымен әрбір төлем транзакциясын тексеруге және егер алушы төлемнің күдікті бенефициары болса, ақша аударуды тоқтатуға міндетті.

Егер клиент қаржы институтын ескерткеннен кейін ақшаны жіберуді талап етсе, төлем қайта басталады. Қаржы институттары да алаяқтық белгілері бар клиенттерден транзакциялар туралы үзінді көшірмелерді қабылдауға және оларды алаяқтыққа қарсы орталыққа беруге міндетті.

"Төлем бенефициарының банктік шоты немесе электрондық әмияны „ақшаны алу себептерін анықтау“ үшін дереу бұғатталуы керек. Содан кейін үш жұмыс күні ішінде қаржы институты күдікті шоттан блокты алып тастауы немесе алаяқтыққа қарсы орталық пен қылмыстық қудалау органдарына алаяқтық әрекеті туралы хабарлама жіберуі керек. Осыдан кейін жіберуші үш жұмыс күні ішінде аударымын немесе төлемін қайтарып алуы керек", — деп хабарлады Ұлттын банктің баспасөз қызметі.