Қазақстанда шығарылатын дәрі-дәрмек өндірісінің үлесін арттыруға бағытталған құны 700 млн долларға тең 7 жоба қарастырылып жатыр

0
153

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің фармацевтикалық нарығындағы отандық өндіріс көлемін 50% және одан жоғары деңгейге жеткізу бойынша жұмыстарды жалғастыруда.


Қазақстанда шығарылатын дәрі-дәрмек өндірісінің үлесін арттыруға бағытталған құны 700 млн долларға тең 7 жоба қарастырылып жатыр

ERNUR.KZ. Бұл жоспарды 2029 жылға соңына дейін орындау көзделген. 2024 жылдың қорытындысы бойынша отандық өндіріс көлемі 15%-ды құрады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев мәлімдеді.

Спикер атап өткендей, жақында инвестициялар тарту және қолайлы жағдай жасаумен айналысатын жобалық кеңсе ашылды. Қазір мұнда 7 жоба қарастырылып жатыр. Оларды жүзеге асыру үшін қажетті инвестициялардың жалпы сомасы шамамен 700 млн долларды құрайды. Олардың барлығы дәрілік препараттар өндірісін оқшаулауға бағытталған.

«Бұл жобаларды іріктеу кезінде біз, ең алдымен, оқшаулау деңгейіне, қазақстандық қамтудың жоғары пайызына, дәрілік препараттардың бағасы мен өзіндік құнына, қосымша жұмыс орындарын құруға, сондай-ақ еліміздің дәрілік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге назар аударамыз. Біз бұл жұмысты әлі де жалғастырамыз», — деді Ержан Нұрлыбаев.

Сонымен қатар ол дәрі-дәрмекті таңбалау жұмыстары жалғасып жатқанын айтты. Бұл Қазақстан аумағына сапасы мен шығарылған жері күмән туғызатын жалған өнімдерді әкелуді болдырмау үшін қажет.