Қазақстанда су саласы мамандарының жалақысы екі есе өсті

0
126

Қазіргі уақытта «Қазсушар» РМК қызметкерлерінің орташа жалақысы 326 мың теңгені құрайды.


Қазақстанда су саласы мамандарының жалақысы екі есе өсті

ERNUR.KZ. Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғаннан бері су шаруашылығы саласы мамандарының еңбекақысын арттыру және еңбек жағдайын жақсарту бойынша бірқатар шара жүзеге асырылды, деп жазады baq.kz.

Ведомствоның ақпаратынша, соңғы 2,5 жылда егістікті суару үшін су беру қызметін көрсететін «Қазсушар» РМК қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен екі есеге өсті.

Атап айтқанда, 2024 жылы кәсіпорын қызметкерлерінің еңбекақысы орта есеппен 25%-ға артты. 2025 жылғы 1 шілдеден бастап жалақы тағы 35-50%-ға, ал 2026 жылғы 1 сәуірден бастап қосымша 15%-ға көтерілді.

Қазіргі уақытта «Қазсушар» РМК қызметкерлерінің орташа жалақысы 326 мың теңгені құрайды. Ал ең төменгі жалақы 85 мың теңгеден 212 мың теңгеге дейін өсті.

Сондай-ақ су шаруашылығы мамандарын әлеуметтік қолдау және олардың еңбек жағдайын жақсарту бойынша шаралар қабылданды.

Сонымен қатар қызметкерлерді әлеуметтік қолдау шаралары да енгізіліп жатыр. Мәселен, 2024 жылы су шаруашылығы мамандықтары алғаш рет «Дипломмен – ауылға» мемлекеттік бағдарламасына енгізілді. Ал былтыр «Қазсушар» РМК қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсарту мақсатында кәсіпорынға 576 жаңа техника берілді. Бұдан бөлек, тарифтік қаражат есебінен тағы 135 техника сатып алынды. Бұл кәсіпорынның техника паркін 27%-ға жаңартуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар «Қазсушар» РМК-ның 435 маусымдық қызметкері тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді, – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.