Қазақстанда сұйытылған газды экспорттауға тыйым салу мерзімін ұзарту жоспарланып отыр

0
315


Қазақстанда сұйытылған газды экспорттауға тыйым салу мерзімін ұзарту жоспарланып отыр

ERNUR.KZ. Қазақстан 2025 жылғы 14 мамырдан бастап сұйытылған газ мен пропан экспортына тыйым салуды ұзартуды жоспарлап отыр, деп жазады Zakon.kz.



Энергетика министрлігінің тиісті бұйрығының жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланып, 21 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.

Бұйрық жобасында сұйытылған мұнай газы, пропан және бутан экспортына алты айға тыйым салынатыны туралы жазылған.


"Тыйым автомобиль және теміржол көлігімен әкетуге қатысты. Бұл шара елдің ішкі нарығын сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету үшін қажет", - делінген құжатта.

2024 жылғы қарашада Қазақстаннан сұйытылған мұнай газын автомобиль және теміржол көлігімен экспорттауға тыйым алты айға ұзартылды. Оның мерзімі 2025 жылғы сәуірде аяқталуы керек еді.