Қазақстанда тағы бір маңызды анықтама смартфондар арқылы беріле бастады

0
292

Құжат оны алған сәттен бастап бір жыл ішінде жарамды.


Қазақстанда тағы бір маңызды анықтама смартфондар арқылы беріле бастады

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. Жүргізушілердің ыңғайлылығы үшін 073/е нысанындағы медициналық анықтама енді eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді. Бұған дейін бұл қызметті eGov.kz порталында рәсімдеуге болатын және ол іске қосылғаннан бері қазақстандықтар 7 мыңнан астам анықтама рәсімдеген, деп жазады tengrinews.kz.

073/е нысанындағы медициналық анықтама – көлік құралын басқаруға қарсы көрсетілімдердің жоқтығын растайтын барлық жүргізушілер үшін міндетті құжат.

"Бұрын азаматтар анықтаманы тек қағаз түрінде, терапевт, психиатр-нарколог, офтальмолог және отоларинголог мамандарынан медициналық тексеруден өткеннен кейін ғана ала алатын. eGov.kz порталында қызмет іске қосылғаннан кейін бұл процесс айтарлықтай жеңілдеді – пайдаланушылар медициналық тексеруден өтіп, электрондық үкімет порталында өтінім берген соң анықтаманы электронды форматта рәсімдей алатын болды. Енді құжатты алу одан да оңай – eGov Mobile мобильді қосымшасын пайдалану жеткілікті", - делінген хабарламада.

Қызметті пайдалану үшін:

  • eGov Mobile қосымшасында авторизациядан өту қажет;
  • "Қызметтер" - "Денсаулық сақтау" бөлімін таңдау керек;
  • "№ 073/е нысан бойынша медициналық анықтама беру" қызметін таңдау қажет;
  • өтінімге Face ID/Touch ID арқылы қол қою қажет.
Өтінім жіберілгеннен кейін анықтама пайдаланушының Жеке кабинетінің тарихында PDF форматында қолжетімді болады. Құжат оны алған сәттен бастап бір жыл ішінде жарамды.