Қазақстанда Түркияға турлар қымбаттайды

0
313

Осы айдың басында ел билігі Мысырға тікелей рейстерді қайта бастауға ниет білдірді.


Қазақстанда Түркияға турлар қымбаттайды

ERNUR.KZ. Түркияға турлардың бағасы көтеріліп келеді. Бұл туралы Қазақстанның туроператорлар қауымдастығының президенті Инна Рей мәлімдеді, деп жазады Kaz.tengritravel.kz.

Мәселенің мәні былай: 22 маусымнан бастап Ресей Түркиямен әуе қатынасын ашады. Осы айдың басында ел билігі Мысырға тікелей рейстерді қайта бастауға ниет білдірді. Туристік сала сарапшылары бұл жағдайлар Түркия мен Мысырға жасалатын турлардың құнына қазақстандықтар үшін әсер ете ме деген пікірімен бөлісті.

Қазақстанның туроператорлар қауымдастығының президенті Инна Рей туристердің жаңа көзі пайда болғандықтан, Түркияға турлардың бағасы қазір 30 пайызға көтерілетінін айтты.

"Әр елдегі қызметтердің құны нарықтағы жағдайға байланысты болады: төмен бағалар кезеңі, жоғары бағалар кезеңі болады. Бұл бағыттың қаншалықты қолжетімді және тартымды болуына байланысты. Туристік саладағы әріптестер бағалар 30 пайызға көтеріледі дейді. Бұл ресейлік нарықтың ашылуына байланысты болады. Турлар туристік маусымның соңында ғана арзан болады. Мысырда бағаның көтерілуіне қатысты айтар болсам, мұндай өзгеріс күтілмейді. Бұл мәселе қазір доллар бағамының өзгеруіне байланысты", - деді Инна Рей.

Нұр-Сұлтан қаласындағы туристік агенттіктің директоры Анна Обидник қонақүйлердің бағасын көтеріле бастағаны туралы ақпаратпен бөлісті.

"Мысалы, Белек қаласындағы танымал қонақүйлердің бірінде демалыс күндері турдың құны 300 еуроға (153 290 теңге - еск.) көтерілді. Бұл Түркияның басқа қонақүйлеріне де әсер етуі мүмкін. Мысырда қазір бағалар тұрақты, бірақ бәрі өзгеруі мүмкін. Мысалы, Мысырдың Мерса-Матрух курортында бағаның өсуі мүмкін. Бұл жаңа бағытқа сұраныстың артуына байланысты", - деді ол.