Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов екінші мәрте зорлық-зомбылық жасалса, ерлі-зайыптылар татуласа алмайтынын мәлімдеді.
ERNUR.KZ. Қазақстанда отбасылық-тұрмыстық саладағы зорлық-зомбылық үшін сотта тараптарды татуластыру рәсіміне қойылатын талаптарды қатаңдату жоспарлануда, деп жазады stan.kz.
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов екінші мәрте зорлық-зомбылық жасалса, ерлі-зайыптылар татуласа алмайтынын мәлімдеді.
"Заңға қарсы әрекет қайта жасалған кездегі тараптардың татуласу құқығы алынып тасталады", – деп атап өтті ІІМ басшысы министрлер кабинетінің отырысында.
Сондай-ақ, ІІМ тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін әкімшілік қамауға алу мерзімін ұлғайтуды жоспарлап отыр.
"Әкімшілік қамау мерзімі-10, 15, 20 тәулік болады. Қазір – 0-ден 10 тәулікке дейін. Бірнеше мәрте қайталағандар үшін 20-дан 25 тәулікке дейін ұлғаяды", – деді Марат Ахметжанов.
Аталған түзетулер мүдделі мемлекеттік органдармен келісіліп, президент әкімшілігінің қарауына енгізілді.


